Аққаланың туған күні

Ср, 30/01/2019 - 16:48 — admin

Қар жауғанда топ бала,
Соқтық келіп аққала.
Мұрны сәбіз, үп-үшкір,
Көзі көмір, қап-қара.
Көне шелек басында,
Сыпырғышы қолында.
Мұзайдынды аршуға
Келгендей-ақ ол мұнда.

Міне, біз, Өнер жөніндегі әдебиеттер бөлімінің кітапханашылары қаңтар айындағы оригами бойынша шеберлік-сыныптарын аққалаға арнадық. Бірнеше жылдан бері аққаланың туған күні 18 қаңтарда аталып келеді. Кеше бізде №14 мектептің мектеп алды даярлық тобының балалары қонақта болды. Олардың қандай аққала жасағанын, қараңыздаршы, сонымен қатар олар оригами өнерімен де танысты, қағаздан әртүрлі пішіндер жасады. Тағы айта кетерлігі, біздің бөлімнің сөрелерінде балаларды сурет салуға, жапсыруға, фокус жасауға, қолдан әртүрлі заттар жасауға үйрететін кітаптар күтуде.

Көбісі кітапханға бірінші рет келіпті, біз олардың өздері үшін жаңа, қызықты әлем ашты деп үміттенеміз. Барлық білімқұмар балаларды Өнер жөніндегі әдебиеттер бөліміне шақырамыз!

Фото


Zoom

Current Zoom: 120%

Жолдау 2023

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 104 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана