Жарияланбаған соғыс жарасы

Дс, 18/02/2019 - 14:59 — admin

2019 жылдың 15 ақпанында кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 30 жыл толды. Қызметтік борыштарын орындауда жоғары рух күшін жұмсағандарға сыйластықтың нышаны ретінде кітапханашылар «Жарияланбаған соғыс жарасы» іс-шарасын өткізді. Іс-шараға интернационалист-жауынгерлер - Павел Анатольевич Ксюх, Юрий Николаевич Азаров, Андрей Геннадьевич Плотников қатысты.

«Әскерге шақыртылғанда, соғысқа тап болатындарыңызды білдіңіздер ме?» деген сұраққа, олар басында Ауғанстанда болып жатқан соғысқа тап болатындарын білмегендерін айтты. Ол жаққа барғандарын олар жеңіл қабылдаған, өйткені олар жас болды. Тек қана Юрий Николаевич Азаров әскери бола тұра, ауған соғысына бөлінгенде, оны не күтіп тұрғанын білді.

Қонақтар алыстағы елдегі қиын қызмет туралы балаларға мазмұнды және қызықты айтып берді. Олар әскерге әртүрлі жылдары шақырылды, бірақ бүгінгі күні оларды сол соғыста қалыптасқан бауырластық біріктіреді. Қонақтар балаларға Отанды сүюге, спортпен айналысуға кеңес берді.

Іс-шараға «Ауған соғысының жаңғырығы» кітап көрмесі безендірілді, деректі фильм көрсетілді.

Мұндай кездесулердің маңызы зор — жас ұрпақ сол соғыс туралы қатысушылардың өз ауыздарынан естулері оларға оң әсер етеді.

Фото


Zoom

Current Zoom: 120%

Жолдау 2023

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 192 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана