Сундучок историй

Сс, 26/02/2019 - 15:03 — admin

23 ақпанда «Сундучок историй» театр студиясының кезекті сабағы өткізілді. Балалар «Сезім» еліне саяхат жасады.

Көрермендерге өзінің кейіпкерінің сезімі мен эмоциясын жеткізеру сөзі мен өнерін меңгерсе, әртіс көрермен үшін қызықты әрі түсінікті болмақ.

Сиқырлы елде балаларға әртүрлі тапсырмалар орындауға тура келді. Бұл артикуляциялық-саусақпен жасалатын «борсық», «арық», «сыбызғы», «терезе» сияқты жаттығулар. Олардың аттары ғана күлкілі, ал орындау қиын болып шықты. Сондай-ақ, «сиқырлы орындықта» отырып жұмыс үстелінде отырған Президентті, ренжіген Буротиноны, гүлдерден шырын жинаған араны салды.

Айбар Карбозов пен Даша Небоганы жаңылтпаштар жігерлендірді, олар өздерінің жаңылтпаштарын оқыды, және бұл керемет болды.

«Жаңбырдан соң», «Досыңмен кездесу», «Қуаныш биі» этюдтері біздің әртістеріміздің күнделікті тұрмыстағы әртүрлі жағдайларды ойнауға дайын екендіктерін көрсетті.

Саяхаттың шарықтау шегі «Қағазды жырту» ойыны болды. Әуелі қағазды жыртып, майыстырып, лақтыруға рұқсат етілді, содан соң оны жинау керек, ал не істеу керек, сөз бердік! Ойын жас әртістерге еркінсуге, теріс энергия мен агрессивті күштен арылуға септігін тигізді. Ең бастысы — берілген уәдені орындау, сөзде тұру.

Фото


Zoom

Current Zoom: 120%

Жолдау 2023

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 95 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана