«Алғашқы ұстаз, алғашқы дана бабам»

Бс, 28/02/2019 - 11:43 — admin

27 ақпанда № 18 мектеп-гимназиясының 7 сынып оқушыларымен Ыбырай Алтынсарин есімімен байланысты «Алғашқы ұстаз, алғашқы дана бабам» экскурсиясы өтті.

Экскурсияға қатысушылар сұхбатқа белсене араласты, ұлы ұстаз туралы ақпарат беру танымдық әрі қажетті болып шықты. Өз жерінің патроиты, ғажайып адамның зор күшімен кең далада туған, Қостанайдың орталығында орналасқан облыстың ескі мектебінің бірі бар екенін көпшілігі білмейтін болып шықты. Ыбырай Алтынсарин атындағы мектеп-интернатының қабырғасынан Қазақстан мен оның маңайындағыларға аты шыққан ғылым және мәдениет қайраткерлері, жоғары үкімет марапттарымен марапатталған жұмыскерлер, Социалистік еңбек ерлері шыққаны белгілі. Олардың ішінде: көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері – Әліби Жангелдин; жазушы, Қазақстанға еңбегі сіңген мұғалім – Спандияр Көбеев; жазушы, ақын, журналист, «Айкап» журналының алғашқы редакторы – Мухамеджан Сералин және басқалар. Ұлттық кадрлардың қайнар көзі бола отырып, мектеп көптеген қайта құруларды бастан өткерді және бүгінгі күні Ұлы ұстаздың дәстүрін жалғастырушы болып табылады.

Сондай-ақ, оқушылар жаңа экспонаттармен толыққан Ы,Алтынсарин атындағы мұражайда да болды.

Экскурсия «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында өткізілді.

Фото


Zoom

Current Zoom: 120%

Жолдау 2023

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 205 guests қонақ.

Кәзіргі уақытта сайтте падаланушылар

  • Ольга А

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана