Положение Конкурса «Исторические хроники»

Ыбырай Алтынсарин атындағы
облыстық балалар мен жасөспірімдер
кітапханасы директоры
___________Н. М. Теплякова
«20» ақпан 2019 ж.

«Уақыт машинасы» желілік өлкетану жобасы ізімен: «Тарихи хроника» байқауының ережесі
 
1. Жалпы ереже
1.1. «Тарихи хроника» желілік өлкетану өнімдерінің шығармашылық байқауы (әрі қарай — Байқау) 2019 жылғы 1 наурыз бен 30 қыркүйек аралығында өткізіледі.
1.2. Байқау түйіні: Қостанай облысы, Қостанай қаласы және Қостанай облысының елдімекендерінің тарихы туралы электронды желілік өнімдер (фотосуреттеме, бейнефильм, интерактивті плакаттар және т.б.) жасау.
1.3. Байқауға Қостанай облысының аудандық және қалалық балалар кітапханаларының, сонымен қатар Ы.Алтынсарин атындағы ОБЖК кітапханашылары қатысады. Жұмыс жеке немесе топпен жүргізілуі мүмкін (2-3 адамнан көп емес).
1.4. Байқауды ұйымдастырушылар Ыбырай Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы (әрі қарай -Ы.Алтынсарин атындағы ОБЖК) болып табылады.
1.5. Байқауды ұйымдастырып, өткізу үшін байқау туралы ақпарат тарату, қазылар құрамын жасақтау, байқауға қатысу жөнінде кеңес беру, байқауға ұсынылған материалдарды талдау және жеңімпаздарды марапаттау міндеттері кіретін ұйымдастыру комитеті құрылады.
1.6. Байқаудың қорытындысын шығару мен жеңімпаздарды анықтау қазан айында Қостанай қаласында Ы.Алтынсарин атындағы ОБЖК «Кітапхана – тартылыс алаңы» семинары аясында өткізілетін болады.

2. Байқаудың мақсаттары мен міндеттері
2.1. Сапалы, заманауи интерактивті өлкетану қорын құру;
2.2. Шығармашылық жұмыспен айналысатын кітапханашыларды анықтау және марапаттау.
2.3. Кітапхана қызметкерлерінің сандық сауаттылықтарын көтеру.

3. Байқау шарттары
3.1. Байқау жұмыстары келесі бағыттар бойынша орындалады:
  • Елімнің тарихы — отбасымның тарихы
  • Тың игеру
  • Мұра: мемориальды және естелік тақташалар
  • Қостанай облысының қасиетті жерлері
3.2. Әрбір қатысушы өзінің таңдаған бағыты бойынша бір жұмыс ұсына алады.

4. Байқаудың өткізілу тәртібі
4.1. Байқау қатысушыларды алдын-ала таңдаусыз өтеді.
4.2. Жұмыстар 2019 жылдың 30 қыркүйегіне дейін қабылданады.
4.2. Балалар кітапханаларының барлық кітапханашыларына ақпан айынан сәуір айына дейін жұмыста ұсынылған жоба мен сервистер бойынша ұйымдастыру-оқыту вебинарлары өткізіледі.
4.3. Қатысушылар логин арқылы «Padlet» платформасына тіркеледі.
4.4. Желілік өнім таңдалған тақырып бойынша материалдың негізгі аспектілерін ашатын интернет-сервистер мен құралдардың көмегімен жасалған зерттеу өлкетану жұмысын ұсынады (google карталары, презентациялар, 3D-кітаптар, уақыт таспасы, білім карталары, интерактивті плакаттар және т.б.)

5. Байқау материалдарына қойылатын талаптар
5.1. Байқауға қатысушылар шығармашылық жұмыстарын платформаға өздігінше орналастырады: https://ru.padlet.com/albiblio/timemashine.
5.2. Жұмыстар нақты тарихи деректерге негізделіп, конкурстың мақсаттары мен міндеттеріне және таңдап алынған тақырыпқа сай болуы тиіс.
5.3. Жұмыстың мағыналық және эстетикалық жағы бағаланады: тақырыптың ашылуы; ұсынылған жұмыстың ақпараттандырылуы, материал мазмұнының бірізділігі, зерттеу шеңберінде мөлшерлес мақсат пен міндеттер қоя білуі; қажетті материалды таңдап, талдап, тұжырым шығара білу; мәтіннің әдеби ерекшеліктері; мәтін мен көрнекі қатарды түйістіру (бір жұмыстың шеңберінде олардың түйіскенінде); желілік сервистерді қолдану дағдылары; жұмыстың бірегейлігі мен потенциалді оқырманды қызықтыра білу.
 
6.Байқаудың қорытындысын шығару
1. Шығармашылық жұмыстар мына құрамдағы қазылар алқасымен бағаланады:
Теплякова Н. М. – Ы.Алтынсарин атындағы ОБЖК директоры
Байгенжина С. М. – Ы.Алтынсарин атындағы ОБЖК директорының орынбасары
Алексеева О. А. – Ы.Алтынсарин атындағы ОБЖК автоматтандыру бөлімінің жетекшісі
Оскирко М. А. Ы.Алтынсарин атындағы ОБЖК инновациялық-әдістемелік жұмыстар бөлімінің әдіскері
Доронина С. А. - Л.Толстой атындағы ОӘҒК хатшы ғалымы
6.2. Байқау қорытындысы бойынша үш жүлделі орынға үш жеңімпаз таңдалып алынады (бірінші, екінші, үшінші)
6.3. Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздарға дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталады.

Тілдер

Zoom

Current Zoom: 120%

Жолдау 2023

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 89 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана