Түрлі-түсті жіптер

Жм, 29/03/2019 - 13:35 — admin

27 наурызда өнер жөніндегі әдебиеттер бөлімінде «Разноцветная ниточка» үйірмесінің тұсаукесері өтті. Қонақта біздің тұрақты оқырмандарымыз бен Жамбыл ОМ үшінші сынып оқушылары болды.

Іс-шара «Ине-жіп» қызықты ойынымен және «Ине ханшайым» ертегісімен басталды.

Ұзын бұрымы бар жіңішке, сымбатты, жылтыр Инеден бәрі өздерін көрді. Қазіргі балалар айфонның, смартфонның және басқа да электронды ойыншықтардың ортасында уақытты қалай қызықты әрі пайдалы өткізу керек екенін білмейтіні жасырын емес.

Ине-жіппен әртүрлі ғажайып тудыруға болады екен. Үйді, киімдерді әшекейлеуге болады, нағыз Марья шебер - Ольга Винокурова жасағандай, хендмейд стилінде жақындарыңа сыйлық жасауға болады.

Кесте — оңай үйренуге болатын керемет өнер түрі. Біздің көптен бергі оқырманымыз Ольга да осылай ойлайды.

Ольга балаларға көп жылдар бұрын әжесінің «болгар кірестерін» қалай үйреткенін айтып берді және алғашқы жұмыстары мен «Магия рукоделия» көрмесіне қатысқаны үшін алған лайықты марапаттарын көрсетті. Әрбір адамның қолының икемі бар екенін, тек оны шеберлікке баулу керек екенін айтып, балалардың ойына да кірмеген құпиямен бөлісті.

Мұны қалай істеуге болады? Жай ғана «Разноцветная ниточка» үйірмесінде Ольга Винокурова қалай Ине-ханшайымның матадан өтіп, әртүрлі өрнектер салатынын үйретеді.

Фото


Zoom

Current Zoom: 120%

Жолдау 2023

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 332 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана