Махаббат – мәңгі дастан

Сс, 23/04/2019 - 09:27 — Ольга А

2019 жылы 11 сәуірде өнер бөлімінде «Махаббат – мәңгі дастан» атты сазды кешімізге «Педагогика және психология» мамандығы бойынша 1 курс студенттері қатысты. Бұл кездесуде қатысушылар Дудар-ай әнінің шығу тарихымен танысты. Қазақтың халық әндерімен пара-пар келетін «Дудар-ай» әнін естімеген жан кемде кем. Әннің шығу тарихына терең үңілмесе де, алдыңғы әуенін естіген бойда ыңылдай кеттік. Бірақ бұл әннің авторы Мариям Жагорқызы есімді орыс қызы екенін біреу білсе, біреуі халық әні деп ойлағандары да болды. Осы әннің жалғасы ғып, 15 сәуір – "Қозы Көрпеш - Баян Сұлу" ғашықтар күнінің нышаны екенін айта кетіп,ой бөлістік.Сондай-ақ халық аузында ежелден махаббат сезімін, оның нәзік қылын, пәк махаббатқа жету жолындағы жүректі тербетер сан қилы оқиғаларын мейлі, өз жұртында болсын, мейлі, өзге жұртта болсын, жырлап, ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырып отырған лиро-эпостық поэма кітаптарымен таныстыра кеттім. Іс -шара соңында Ғашықтар күні нышаны ретінде фетрден жүрекше жасадық.

Фото


Zoom

Current Zoom: 120%

Жолдау 2023

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 100 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана