Ғашықпын көктемге

Сс, 23/04/2019 - 09:28 — Ольга А

12.04.2019 жылы сағат 14.00. Ы. Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында. «Ғашықпын көктемге» атты Нағашыбай Мұқатовтың 70 жасқа толуына байланысты кездесу кеші өтті. Іс – шараның мақсаты: оқушыларды, жасөспірімдерді жерлес ақын- қаламгерлердің шығармаларымен таныстыру. Аталған іс - шараға Өмірзақ Сұлтанғазин ат. Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің студентері мен М.Хәкімжанова атындағы № 20 орта мектебінің 8 сынып оқушылары қатысты. Оқушылар ақын ағамызға өлеңдерін оқып, қызықты да өзекті сұрақтарын қойды. Ақынның балалық шағы, шығармашылық өсу жолы мен өмір жайлы мәліметпен танысты. Іс шара соңында Нағашыбай Оразбайұлы кітапхана қорына «Жұлдызды адам» «Бекзат аға, Санжар іні» атты жаңа кітаптарын ұсынды. Кездесу кешіне құрметті қонақтар келіп қатысты. Атап айтсақ ақынның туған қарындасы, ҚМУ-ің мұрағат меңгерушісі Мұқатова Айшагүл Оразбайқызы, белгілі ақын жазушы, «Қазына» меценаттар клубы сыйлығының лауреаты Бердалинова Ғайнижамал Сайманқызы, І.Омаров атындағы қазақ драма театрының актрисасы - Досанова Ақдәмен Әбдуәлиқызы, қатысып Нағашыбай ағамызға өздерінің жылы лебіздерін білдірді. Кездесу кешінде Н.Мұқатов көрермендерге өзінің екі жаңа туындысын оқып шықты. Аталған жаңа туындылар көрермендер көңілінен шықты. Сонымен қатар, Нағашыбай ағамыз домбырада ән шертті. Көрермендерге кітап көрмесі ұйымдастырылды. Іс-шара соңында Нағашыбай ағамызға шапан кигізілді.

Фото


Zoom

Current Zoom: 120%

Жолдау 2023

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 87 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана