Cау болуға тыйым сала алмайсың

Сс, 23/04/2019 - 09:38 — Ольга А

«Денсаулығыңды күт» - бұл сөзді біздің әрбіреуіміз бірнеше рет естідік. Біз келісеміз, бірақ өз денсаулығымыз үшін ештеңе де істемейміз. Жылдың 365 күні сау болып жүру үшін не істеуіміз керек? Бұл үшін еңбектенуіміз қажет. Салауатты өмір салтын ұстанумыз керек, дұрыс тамақтанып, таза ауада жиі болу керек, өмірге қуана білу керек. Денсаулықтың жақсы болуының кепілі дұрыс тамақтану болып табылады. Қалай дұрыс тамақтану керек? Сапалы тамақ пен сапасыз тағамды қалай ажыратуға болады? Осылардың барлығы туралы №2 ОМ 8 сынып оқушылары үшін №1 емхананың психологы Хакимова Виктория Бурикуловна айтып берді. «Cау болуға тыйым сала алмайсың» іс-шарасы ғылыми-көпшілік әдебиеттері бөлімінде өткізілді. Оқушылар дұрыс тамақтану туралы видео көрді, тақырыпқа сай әдебиеттерге шолуды тыңдады. Ұсынылған әдебиеттердің ішінде Геннадий Малаховтың «Золотые правила питания», «Медицина для вас» сериясынан «Витамины и витаминотерапия» кітаптары, сондай-ақ 2017 жылғы «Ойла» журналының 1 номеріне шыққан Мария Валяеваның «Когда я ем: как работает пищеварение» мақаласы болды.

Фото


Zoom

Current Zoom: 120%

Жолдау 2023

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 107 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана