Ғашықпын саған, музыка!

Жм, 19/04/2019 - 09:53 — Ольга А

19 сәуірде Қостанай құрылыс колледжінің бірінші курс студенттері джаз патшасы - Дюк Эллингтонның танымал джаз әуендерінің тыңдармандары болды. Бұл кездейсоқ емес, сәуірде американдық джаз-оркестрдің жетекшісі, джаз сазгері, көркемдеуші және пианист Дюк Эллингтонға 120 жыл толады. Сәуір айы Америка тарихының Смитсон мұражайының шешімімен 2001 жылдан бері әлем бойынша Jazz Appreciation Month (JAM) ретінде аталып өтіледі. Бір сағаттық әуенді сағат ішінде болашақ құрылысшылар мен сәулетшілер маэстроның өмірінен біршама қызықты деректерді білді. Мысалы, джаз сазгерінің шын есімі - Эдвард Кеннеди, ал «Дюк» - лақап аты, «Герцог» деген мағынаны білдіреді. Тегі музыка пәнінен алғашқы ұстазы - Клинкскейлз, бокал сыңғырының көпүнділігі деп аударылады. Карнеги-холл концертінен жиналған қаржы (1943ж.) жараланған кеңес әскерлеріне аударылған. Музыка мектебінің ұстазының саксофонда орындаған танымал музыкалық композициялар - Soda Fontain Rag», «Take the 'A'Train», «It don't mean a thing», «Caravan» іс-шараның шырайын келтірді. Ал студенттер Карина Тулькибаева мен Даулет Абишевке белсене қатысқандары үшін Л.Толстой атындағы ОҒӘК орналасқан «Америка бұрышы» АРО ұсынған естелік сыйлық табысталды. Олар енді Jazz Appreciation Month естерінде көпке дейін сақталады.

Фото


+ A -

Current Zoom: 105%

Жолдау 2023

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 161 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана