Үлкенге құрмет, кішіге ізет

Ср, 17/04/2019 - 05:00 — Ольга А

Зияш Телеуовамен онлайн-кездесу Сәуірдің 17 күні кітапханада әдебиет әлемін қазіргі заман талабына сай жеткізе білген тамаша жазушы, қазіргі қазақ әдебиетінде өзіндік орны бар – Зияш Телеуовамен алыстағы жазушымен қашықтықты қысқартатын «Үлкенге құрмет, кішіге ізет» атты онлайн-кездесу өтті. Кездесуге біздің кітапхананың оқырмандары Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының 6-сынып оқушылары, ұстаздары және кітапхана ұжымы қатысты. Кездесуде Зияш Қалиқызы өз естеліктерімен, шығармашылық ойларымен бөлісіп, бізге және біздің оқырмандарға үлкен мереке сыйлады. Балалар автордың өмірі, алдағы жоспары жайлы, шығармашылығы туралы көптеген сұрақтар қойып,жауап алды. Қатысушы балалар автордың домбырада ойнап, ән айтатынын естігенде сыйға ән сұрады. Зияш Телеуова балалардың сұранысына тартымды, нәзік дауысымен Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін орындап берді. Ал оқушылар болса «сыйға-сый» деп өздерінің мектептерінің әнұранына айналған «Алтынсарин маршын» орындап берді. Сондай-ақ оқушылардың ішіндегі Жанарыс атты оқушы өз атынан авторы төрт жолдық шығарған өлеңін оқып берді. Бұл кездесу біздер үшін үлкен мереке, үлкен сыйлық болды. Зияш Телеуова қазіргі балалар әдебиетінде нағыз таптырмас қаламгер.

Фото


+ A -

Current Zoom: 125%

Жолдау 2023

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 171 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана