«5+1=Жазда бірге оқиық!»

Сс, 18/06/2019 - 13:16 — Ольга А

Қостанай облыстық аналар кеңесі, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ, Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы «5+1=Жазда бірге оқиық!» облыстық отбасылық жазғы оқу байқау-акциясының өткізілетіні туралы хабарлайды

Отбасымен бірге оқу. Бүгінгі күні оның мәні мен маңызын ешкім жоққа шығара алмайды. Бірақ, сіздер отбасылық оқу дегенде бүлдіршіндермен бірге кітап оқу деп түсінесіздер ме? Бала өсіп, ержетіп кеткенде жайлы отбасылық оқу қайда қалады? Кітап — бұл «әке мен бала» арасындағы өзара түсіністік мәселелерін шешетін, қарым-қатынастың, түсіністіктің және әңгімелесудің қуатты құралы. Бәлкім, мұндай отбасылық оқудың «ересектену» түрі бірге немесе жалпылама деп аталуы мүмкін, бірақ ол болуы керек!

Біздің «5+1=Жазда бірге оқиық!» байқау-акциямыз «ересектерді» балалардың, жасөспірімдердің, жастардың кітаптарын оқуға тартылып, көркем шолулардың көмегімен балалардың қызығушылықтары мен мәселелеріне жақындап, оған терең үңіліп, оларды түсініп және жаңа өзара іс-әрекет нүктесін табады деп сенеміз.

Байқау-акцияның мақсаты: Отбасылық жазғы оқуды ынталандыру. Отбасылық-туыстық қатынасты нығайтудың, өзара түсіністікті бекітудің және бірге әрекет етудің жаңа негіздерін қалыптастырудың қолданыстағы әдістері ретінде, әртүрлі жастағы балалардың оқу қызығушылығына, бірге оқу-талқылау-шығармаластыққа «ересек» аудиторияны тарту.

«5+1=Жазда бірге оқиық!» байқау-акциясына қатысу үшін отбасылар — барлық жастағы балалар мен ата-аналары, мұғалімдер, кітапхана қызметкерлері, сондай-ақ, қызығушылық танытқан тұлғалар шақырылады.

«5+1=Жазда бірге оқиық!» байқау-акциясы 2019 жылғы 17 маусым мен 17 қыркүйек аралығында өткізілетін болады.

Байқау туралы толығырақ ақпаратты http://orley-kost.kz институт сайтынан және http://allib.kz/kk/node/1689 кітапхана сайтынан оқи аласыздар.

ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАР - әртүрлі жастағы балалармен жазғы оқуға қазақ және орыс тілдеріндегі 5 кітаптан тұратын топ ұсынады.

ҚАТЫСУШЫЛАР - оған +1 өзінің ұсынысын қосады. 5+1

• Топ 1: 5(+1) Сіздің 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаңызбен оқуға болатын балалар кітаптары (орыс тілінде оқу үшін) (қазақ тілінде оқу үшін)

• Топ 2: 5(+1) Сізді және Сіздің 7 жастан 12 асқа дейінгі балаңызды жақындастыратын балалар кітаптары (орыс тілінде оқу үшін) (қазақ тілінде оқу үшін)

• Топ 3: 5(+1) Сіздердің бір-бірлеріңізді түсінуге көмектесетін, Сіздің 13 жастан 15 жасқа дейінгі жеткіншегіңізге арналған кітаптар (орыс тілінде оқу үшін) (қазақ тілінде оқу үшін)

• Топ 4: 5(+1) Бір-бірлеріңіз туралы көптеген жаңалықты білуге көмектесетін Сіздің 16-18 жас аралығындағы ересек балаңыздың кітаптары. (орыс тілінде оқу үшін) (қазақ тілінде оқу үшін)

Қатысушыларды ақпараттық қолдау:

Федас Любовь Анатольевна, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ кітапхана ісі жөніндегі бас маманы.

ТЕЛЕФОН: 8 (7142) 54 16 13 (107); 8 747 140 90 39

E-MAIL: fedasla@mail.ru

Шевченко Юлия Борисовна, Ы.Алтынсарин атындағы ОБЖК қызмет көрсету бөлімінің жетекшісі.

ТЕЛЕФОН: 8 (7142) 54-11-61

E-MAIL: julia_dashka@mail.ru

Видершпан Алла Леонидовна, Ы.Алтынсарин атындағы ОБЖК инновациялық және әдістемелік жұмыс бөлімінің жетекшісі.

ТЕЛЕФОН: 8 (7142) 39-00-42

E-MAIL: omir@allib.kz

Сіздердің белсенді қатысуларыңызды күтеміз!


Zoom

Current Zoom: 120%

Жолдау 2023

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 107 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана