Сундучок историй

Сс, 25/06/2019 - 14:03 — Ольга А

21 маусымда «Сундучок историй» театр студиясының қатысушыларын Облыстық қуыршақтар театры экскурсияға шақырды.

Балалар үшін қуыршақ әртістері әлеміне „шағын саяхатты„ «Радуга» балалар бағдарламасының жүргізушісі Томирис Рыспаева ұйымдастырды, ал „сахна сыртындағы„ қызықты саяхатты әдеби бөлім жетекшісі Роза Паруазовна Джумабаева өткізді.

Біздің әртістеріміз театрда әртүрлі қуыршақ түрлерімен жұмыс ітейтінін білді: таяқ, планшеттік, қолғаптық, өсетін — бұлардың бәрі кіші және ересек оқырмандарға қойылымды ерекше, қызықты етіп көрсетеді. Олар қуыршақтар пайда болатын цехта да болды, мұнда балаларға ерекше қолғап қуыршақтар — адамның ішкі құрылыстарымен (жүрек, өкпе, бауыр) „жұмыс істеуге„ рұқсат етілді. Бұл қуыршақтар келесі театр маусымында тұсаукесер қойылымның кейіпкерлері болмақ.

Әрістер Рустам Бримжанов пен Людмила Ульянова әртістік мамандықтың қыр-сырын ашатын шеберлік сыныбын өткізді.

Ең бастысы — балалар театрдың көркемдік жетеушісі Г. Е. Ивановпен кездесті. Ол сонау өткен ғасырдың 86 жылы театрдың «Машенька и медведь» қойылымымен ашылғандығын, басты қожайыны балалар болып табылатын, театр өзінің „үйіне„ қалай ие болғандығы туралы айтып берді. «Бұл олардың үйі» деп ол шынын айтты. Сондай-ақ, Геннадий Евгеньевич қонақтардың барлық сұрақтарына адал жауап берді. Олар театр жетекшісінің ең сүйікті қуыршағы қайсысы екендігін білгісі келді. Ол барлығын да жақсы көретін болып шықты.

Экскурсиядан алған әсерлерін біздің әртістеріміз «Бұл керемет болды!» деп сипаттады.

Фото


Zoom

Current Zoom: 120%

Жолдау 2023

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 184 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана