«Сундучок историй» театрының құпия өзгеруі

Жм, 17/01/2020 - 13:49 — Ольга А

11 қаңтарда балалар, «Сундучок историй» кітап театрының қатысушылары Ежелгі мемлекеттерге саяхат жасады. Олар қазына іздеді деп ойлайсыздар ма? Жоқ, олар театрдың пайда болуының ұзақ тарихын анықтады. Ежелгі Египетте әйелдер музыканттардың сүйемелдеуімен қолдарына қуыршақ ұстап ауылдарды аралаған екен. Қуыршақтың қозғалып тұруы қиын болды, сондықтан оларды ең салтанатты сәттерде ғана қозғалтқан.

Бұл туралы біздің жас әртістеріміз болашақ театр қойылымы «Шортанның қалауы бойынша» ертегісіне арнап қуыршақтар жасау барысында білді. Қойылым кейіпкерлері өз қолдарынан жасалған қуыршақтар болмақ. Иә, иә, қуыршақтар да, декорациялар да хэндмейд үлгісінде болады.

Қуыршақтардың киімдерінің соңғы үлгіде болуы шарт емес, маңыздысы — әр бала басты роль — сиқыршыны сомдайды. Көрермендердің көз алдында жансыз заттың тірілуі нағыз ғажайып.

Фото


Zoom

Current Zoom: 120%

Жолдау 2023

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 26 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана