«Театр – өмір айнасы»

Жм, 21/02/2020 - 16:42 — Ольга А

"Таңғажайып театр!.. Иә, шынында да таңғажайып әлем емес пе, ұлы мәртебелі театр өнері!

Міне, ылғи да өз көрермендерін эстетикалық, рухани-мәдени лаззатқа кенелтіп келе жатқан осынау кіршіксіз де киелі дүниежүзілік театр өнерінің тылсым кереметтерінің нағыз жан дауасына айналғанына 3000 жылдың бедері болыпты. Сол таңғажайыппен көрісіп-тілдесу үшін ұлы өнердің нұрлы да сырлы сахнасы қазақ театрының ғажайып әлеміне саяхат жасадық…

21 ақпанда Өнер жөніндегі әдебиеттер бөлімі Ілияс Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрының жиырма жылдық мерейтойына арналған «Театр – өмір айнасы» атты сұхбат-кездесу өткізді.

Осы кешіміздің Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қонысбек Бірмәнұлы Бекайдаров және ҚР "Мәдениет қайраткері” Досанова Ақдәмен Әбуәлиқызы қадірлі қонақтары болды.

Іс-шара барысында музыкалық номер орындалып, театр тарихына тоқталып, театр актерларымен қызықты сұхбат өткізілді. Көрермендер актерларға өз сұрақтарын қойып, театр туралы толық мәлімет алып, жақсы көңіл күймен тарқасты. Қостанай театры туралы, театр актерларының өмірі туралы жазылған кітаптар мен журналдар қойылған кітап көрмесіне шолу жасалды.

Фото


Zoom

Current Zoom: 120%

Жолдау 2023

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 13 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана