Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының Қостанай облысының балалар кітапханаларының басшыларына арналған секциясының жұмысы

Сс, 25/02/2020 - 10:45 — Ольга А

Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының Қостанай облысының балалар кітапханаларының басшыларына арналған секциясының жұмысы

24 ақпан күні Ыбырай Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы базасында "Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы" ММ кеңейтілген алқа отырысы аясында Қостанай облысының балалар кітапханаларының басшыларына арналған секция жұмыс істеді.

Секция модераторы кітапхана басшысы Надежда Минеевна Теплякова болды. Секцияда 2019 жылға арналған Қостанай облысының балалар кітапханалары жұмысының қорытындысы айтылды.

Бірнеше жыл өзекті болып келе жатқан мәселі сұрақтарға көп көңіл бөлінді, атап айтқанда, кітапханаларды кітаппен толықтыру, жеткізушілермен жұмыс және кітапханалардың жоспарлы көрсеткіштерінің тым жоғары болуы.

Кітапханада кітаптарды сатып алу қалай жүзеге асырылып жатқандығы туралы, Мемлекеттік сатып алу рәсімі туралы Ы. Алтынсарин ат.

ОБЖК бухгалтері А. С. Моргунов айтып берді. ОБЖК басшысының орынбасары С. М. Байгенжина қажетті кітаптар тізімін қалыптастыру сәтінен бастап (ұсынымдық сервистерді көрсетумен) жеткізушілермен кері байланыс жасау сәтіне дейінгі кітаптар жеткізушілермен жұмыс кезеңдері туралы әңгімеледі.

Қарабалық балалар кітапханасы мен Қарабалық ОКЖ жинақтау бөлімінің бірлескен жұмыс тәжірибесі туралы балалар кітапханасы меңгерушісінің м.а. Р. Р. Феданова айтып берді.

Секция жұмысының соңында "Уақыт машинасы" желілік өлкетану өнімдері байқауының қорытындысы шығарылды.

Жоба сапалы, заманауи интерактивті өлкетану ресурсын құруға бағытталған. Байқауға барлығы 23 жұмыс ұсынылды.

Жеңімпаз атанғандар:

1 орын – Қостанай қ., А. Пушкин атындағы қалалық балалар кітапханасы – бөлім: Мұра: естерткіш және атаулы тақталар. Жұмыс: «Қостанайдың ескерткіш тақталары» аудиогид.

2 орын – Қостанай аудандық балалар кітапханасы – бөлім: Тың. Жұмыс: «Тың: тарих және адамдар» интерактивті плакат

3 орын – Денисов аудандық балалар кітапханасы – бөлім: Қостанай облысының киелі жерлері. Жұмыс: Денисов ауданының киелі жерлері» интерактивті плакат.

«Үздік дербес блог» номинациясында «Кравцов Григорий Михайлович» жұмысымен Федоров балалар кітапханасы аталды. Жеңімпаздар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Барлық байқауға қатысушылар сертификаттарға және сыйлыққа кітапқа ие болды.

«Уақыт машинасы» байқауының демеушілері: «Romana nan» ЖШС, «СарыаркаАвтоПром» ЖШС, «Асем» ЖШС.

Фото


Zoom

Current Zoom: 120%

Жолдау 2023

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 14 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана