Чехов. Теңдесі жоқ өмір суретшісі

Бс, 27/02/2020 - 11:38 — Ольга А

Халықаралық зияткерлік онлайн-ойыны 26 ақпанда А.П.Чеховтың шығармашылығы бойынша өткізілді. Қатысушы командалар Челябі, Қостанай және Ломоносов (Санкт-Петербург қаласының Петродворцовый ауданы) қалаларынан болды.

Біздің қаламызды ЧелМУ Қостанай филиалының студенттері қорғады. Бұл А.П.Чеховтың өмірбаяны мен шығармашылығынан білімдерін, білгірліктерін, жақсы есте сақтауларын, логикалық тапсырмаларды шеше білулерін тексеретін, 10 сайыстан тұратын нағыз марафон болды. Портреттер, фотографиялар, лақап аттары және әрине, шығармалары — мұның барлығы ойын сұрақтарында болды. Ең қызық тапсырманың бірі: атақты эмодзи суреттері бойынша Чехов шығармаларының тақырыпатын құрау және басқа жазушылардың атымен сәйкес мерейгердің лақап атын табу.

Жалпы, ойын сәтті өтті, барлық командалар жақсы білім көрсетті, сипаттауы бойынша кейіпкерлерді таныды және филвордты жылдам шешті. Қостанай құрамасын лайықты жеңістерімен құттықтаймыз!

Ойын қорытындысы:

Қостанай қаласының командасы – 1 орын.

Челябі қаласының командасы– 2 орын.

Ломоносов қаласының командасы – 3 орын.

Фото


Zoom

Current Zoom: 120%

Жолдау 2023

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 31 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана