1 сәуір - Халықаралық құстар күні

Бс, 09/04/2020 - 09:46 — Ольга А

Халықаралық құстар күні 1906 жылы Құстарды қорғау бойынша конвецияның бекітілуінен кейін атап өтіле бастады. Оның негізгі ережелері ұя салу және мекенді ауыстыру кезінде құстардың барлық түрлерін қорғауға, жойылып кету алдында тұрған құстар түрлерін ұдайы қорғауға; аң аулаудың белгілі бір түрлеріне тыйым салуға немесе шектеу қоюға; құстарды көбейту үшін қорықтарды құруға және экологиялық білім беруге бағытталған.

Құстар — табиғат, өмір көркі. Халық шебер әншісін бұлбұлға, ардақты азаматын сұңқарға, қас сұлуын аққуға, ез жігітін жапалаққа теңеген. Ертеде байлар мен патшалар, хандар бұлбұлды бағында сайратып, тотыны үйінде ұстаған, аққуды көлінде жүздіртіп, сұңқарды қолына қондырған. Құс барлық пен байлықтың, әсемдік пен сұлулықтың белгісі болған.

Көктемнің жаршысы болған құстарды «Ою ойғанның ойы ұшқыр» үйірмесінде фетр материалынан жасаймыз. Жасалу жолын бейнематериалдан қарап, жасап алуларыңызға болады.

Видео


Zoom

Current Zoom: 120%

Жолдау 2023

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 108 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана