Құрметті достар, сіздерді әдебиет мұхитына қосылған жас буынның ішінде өзіндік соқпағымен дараланып келе жатқан жазушы Дархан Бейсенбекұлының «Жалғыз жұлдыздың жарығы» атты әңгімелер жинағы кітабымен таныстырғым келеді. Дархан Бейсенбекұлы 1984 жылдың 7 қарашасында Алматы облысы, Жаркент өңіріндегі Нағарашы ауылында дүниеге келген. Қаламгердің «Жалғыз жұлдыздың жарығы» атты әңгімелер жинағына балалар әлемі мен жасөспірімдер тақырыбына қалам тербеген туындылары өзінің шынайылығымен, ауылдың аңғал мінезімен ерекшеленіп, оқырман қауымды бірден баурап әкетеді.
Дархан Бейсенбекұлы
Дс, 29/06/2020 - 08:52 — Ольга А