Көне дүние тарихының білгірі, жазушы-ғалым Қойшығара Салғарұлының "Ұлы дала" атты кітабы ежелгі және ортағасырлық далалық империялардың тартысты да талайлы тарихының жаңаша көзқараспен жазылуымен құнды.Туынды терең пайымдаулар мен байыпты да батыл әрі тосын тұжырымдарым ерекшеленеді.Зерттеу нысанына айналып отырған тақырыпқа байланысты басқа да ғалымдардың ой-пікірлерін талдап қана қоймай, тарихи түпнұсқа деректерді өзара салыстырып, автордың өзі тың әрі тиянақты дәлелдер келтіреді.
Кітап Ұлы Дала аталған ұлан-ғайыр кеңістікте өмір сүрген байырғы қағанаттар мен ұлыстардың тарихына қызығушы барша оқырманға арналған.