Балалар! «Мэрцишордың» не екенін білесіңдер ме? Мэрцишо́р ( рум. martie — март) — Молдавия мен Румыния елдерінің дәстүрлі көктем мерекесі. Оны 1 наурыз күні тойлайды. Бұл күні адамдар бір-біріне ақ және қызыл жіптен жасалған гүл бейнесіндегі кішкентай бутоньеркалар сыйлайды. Ол да мереке сияқты мэрцишор деп аталады.
Мэрцишорларды жүрек тұсы сол жаққа тағып бір ай бойы жүреді де, 31наурыз күні шешіп ағашқа байлайды. Мэрцишорды ағашқа байлап тұрып тілеген тілек орындалады деген ырым бар. Сәуірдің басында Молдавияның көптеген ауылдары мен қалаларында мэрцишор байланған ағаштарды көптеп кездестіруге болады. Бұл ғажап емес пе!
Достар! Көктемді бірге қарсы аламыз ба? 2 наурыз сағат 12.00 өнер секторының кітапханашылары сіздерді «Достық шұғыласы» фольклорлық сағатына шақырамыз.
Ешкім де мэрцишорсыз бос кетпейді!