Ә. Қастеев атындағы өнер музейі - Қазақстандағы ең ірі көркемсурет мұражайы және бейнелеу өнері саласындағы жетекші ғылыми-зерттеу орталығы. Алматы қаласында орналасқан, 1976 жылы ұйымдастырылған. Бай, сан алуан, баға жетпес жинақ Қазақстанның, Еуропа мен Азия елдерінің, өткен дәуірлер мен қазіргі заман шеберлерінің көркем мәдениеті туралы айқын түсінік береді. Мұражайдың негізгі қорындағы экспонаттар саны 25 000 бірлікті құрайды. Осы жылы Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер мұражайына 45 жыл толады.
#қайырымды_істер_марафоны