Халықаралық толеранттылық күні

Сс, 16/11/2021 - 15:33 — Ольга А

Халықаралық толеранттылық күні жыл сайын 16 қарашада атап өтіледі. Төзімділік туралы мәселе қазір бүкіл әлемнің назарында. «Толеранттылық» ұғымын балалар ғана емес, ересектер де әртүрлі қабылдайды, бірақ балаларға толеранттылықтың не екенін түсіну өте маңызды.

№ 14 ЖББМ 1 "А" сынып оқушыларына арналған кіші оқу залында «Толеранттылық әліппесі» мейірімділік және сыпайылық сабағы өткізілді.

Сабақ кітапханашының мереке тарихы туралы әңгімесінен және неге ол бүгін өте өзекті екендігінен басталды. Сондай-ақ, балалар толеранттылық ұғымымен және толерантты тұлғаның негізгі белгілерімен танысты.

Балаларға мейірімділік туралы «Просто так» мультфильмін көру ұсынылды.

«Ойыншықты досыңа лақтыр да, мейірімді сөз ата», «Ертегі кейіпкерлерін ата» ойындарын ойнады, бұл ретте кейіпкерлердің қандай зұлым іс істегендері туралы да айта кетті. «Мақал жина» ойынында балалар жақсылық пен достық туралы мақал-мәтелдер құрастырды.

Іс-шараны қорытындылай келе, кітапханашы балаларға Біздің барлығымыз және айналамыздағы адамдар біздің өміріміз тек біз үшін ғана емес, сонымен бірге басқалар ұшін де құнды екенін түсінген кезде шынымен бақытты бола алатынымызды еске салды. Бұл төзімділіктің негізгі ережесі – оны сақтау өте қиын емес, тек қана біз бір-бірімізге шыдамды және мейірімді болуымыз керек. 


+ A -

Current Zoom: 120%

Электрондық каталог

Жолдау 2024

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Экранды оқу жүйесі

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 334 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана