20 қазан күні сағат 15.00 Ы. Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында әдеттегі сенбінің әр күніндей балалардың сыңғырлаған дауысымен күмбірлеген күлкісіне толы кішкентай шеберлердің «Шебердің қолы ортақ» атты үйірмесі өтті. Осы сенбі де өткен кездесу балалар үшін ерекше әсер қалдырып, толғандырды. Өйткені дәл осы күні оларға қонаққа дәл Шелудько Елена Георгиевнаның өзі келді. Ол өзінің сабаннан не қамыстан жасалған тамаша суреттерін ала келіп, балаларға бұрын сонды жасап көрмеген қолөнер түрін жасап үйретті.
Осы күнді сиқырға айналдырған Елена Георгиевна өз құпиясымен бөлісіп, кептірілген бидайдың сабағынан алтын түстес керемет қоңыр күздің жапырақтары бейнеленген тамаша көріністі қамыстан жасауды үйретті. Сонымен қатар сиқырлы қолөнер кәсібінен көптеген қызықты әңгімелерін айтып берді. Елена Георгиевна өзінің сүйікті оқушыларына көп ұзамай 3 қарашада кездесетінін уәде етіп,кішкентай шеберлерді қуантып тастады.