2010 жылдан бері жыл сайын наурыз айында Дүниежүзілік дауыстап оқу күні өткізіледі. «Оқу - бұл алға жылжу!» ұранымен өтіп жатқан бұл акцияны әлемнің ондаған елдерінде мыңдаған адамдар біледі және қолдайды. Қостанай облысы да тыс қалмады және қалыптасқан дәстүр бойынша 3 наурызда Қостанай облысының кітапханаларында «Бірге оқимыз, дауыстап оқимыз!» акциясы жарияланды.
Биылғы жылы оқу үшін 2 кітап таңдалды: «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» эпосы және А.С. Пушкиннің «Патша Салтанның ертегісі» шығармасы.
Көптеген кітапханашылар мен оқырмандар үшін бұл атаулы күн қызықты оқиғаларға, кездесулерге және үздік шығармалармен және әдебиет кейіпкерлерімен сұхбаттасудың жағымды сәттеріне толы болды.
Акцияға қатысуға барлық тілек білдірушілер шақырылды. Әсіресе жағымды жағы ол тілек білдірушілер көп болғаны болды! Бұл күні акцияға Қостанай облысының 103 кітапханасы қосылды, онда 130 қызықты іс-шара өтті, оған 1300-ден астам кітап және оқу әуесқойлары қатысты. Бұл қалай болғанын еске түсірейік…