Сырбайдың сыршыл әлемі

Жм, 23/09/2022 - 14:07 — Ольга А

Биыл қазақтың көрнекті ақыны, ҚР Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның Халық жазушысы Сырбай Мәуленовтің туғанына 100 жыл толып отыр. Осы атаулы күнге орай 23 қыркүйекте «Сырбайдың сыршыл әлемі» атты поэзия кеші өткізілді. Іс-шараға Қостанай құрылыс колледжінің 1 курс студенттері қатысты. Іс-шара барысында қатысушылар назарына С. Мәуленовтің өмірбаянымен таныстырылып, ақынның өз даусымен оқылған «Менің Қазақстаным» өлеңі, ақынның өлеңі оқылған бейнеролик ұсынылды, студенттер ақынның «Қостанай», «Тобыл аруы», «Меңдқара» т.б. өлеңдерін мәнерлеп оқып берді, кітап көрмесі таныстырылып, іс-шара соңында викторина сұрақтары қойылды. Қатысушылар жерлес ақынның өмірі мен шығармашылығымен кеңірек танысқандарына зор қуанышпен тарқасты. #балалар_жылы


Zoom

Current Zoom: 120%

Жолдау 2023

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 91 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана