«Жарқын жүздесу, сырлы сұхбат»

Ср, 19/10/2022 - 14:30 — Ольга А

19 қазан кітапханада ерекше үлкен мереке өтті. Олай деуіме себеп біріншіден бұл үлкен іс-шара БАЛАЛАР ЖЫЛЫ АЯСЫНДА арнайы ұйымдастырылып отыр, ал екінші ерекшелігі кітапхана қабырғасында екі жыл қатарынан өтіп келе жатқан «Балалар мен жасөспірімдерге арналған Ыбырай Алтынсарин атындағы үздік әдеби шығармалар» бойынша Республикалық байқаудың 2022 жылғы жеңімпазы сонау оңтүстік астанамыз, Алматыдан келген талантты балалар жазушысы, білікті IT маманы Мейіржан Жылқыбаймен жүзбе жүз кездесуі. Әрине біздің кітапхана және біздердің оқырмандар автормен жүзбе жүз кездеспесе де жақын таныс. Өйткені қазіргі заманауи техниканың арқасында бірнеше рет онлайн біздің оқырмандарымен кездескен болатын. Кездесуге «сөз қадірін» түсінетін мектеп мұғалімдері мен кітапханашылар және 10 мектептің, 11 мектептің 5-сынып оқушылары қатысты. Іс-шара барысында оқырмандар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, жазушының ықыласты әңгімесін сүйсіне тыңдады. Сондай-ақ автор өзінің жаңа кітаптарымен таныстырып, бірнеше қызықты сұрақ қойған таңдаулы оқырманға және кітапханаға жаңа кітаптарын сыйға тартты. Корей елінде шыққан «Батыр қоян» ертегісін автор өзі дауыстап оқып беріп, ертегіні оқырмандармен бірге талқылады. Кездесу керемет «Бала тілегі» әнімен және жазушының балаларға, ал балалардың жазушыға деген арнайы әсерлі тілектерімен аяқталды. #балаларжылы


Zoom

Current Zoom: 120%

Жолдау 2023

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 321 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана