Менің елім – менің Қазақстаным

Бс, 20/10/2022 - 17:23 — Ольга А

Қ.К.Тоқаев биылғы жылдың маусым айында Ұлттық Құрылтайдың отырысында 25 қазан ұлттық мереке – Республика күні болып атап өтілуі туралы ұсыныс айтқан болатын. Мәжіліс депутаттары «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне кинематография және мәдениет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын мақұлдады.

Осы айтулы күн қарсаңында 20 қазанда кітапханада «Менің елім – менің Қазақстаным» танымдық сағаты өткізілді. Іс-шара мақсаты: Қазақстанның жері, рәміздері, тіл саясаты, тәуелсіздік жолындағы белестерге тоқталып, оқушылардың туған елге деген сүйіспеншілігін арттыру. Туған жеріміздің ұлы тұлғаларының еңбектерімен танысыру. Іс-шараға Ы. Алтынсарин атындағы мектеп-гимназия-интернатының 7-8 сынып оқушылары қатысты. Танымдық сағат барысында Республика күні мерекесінің маңызы туралы айтылды, тарихи викториналық сұрақтар қойылды, қазақ жерінің ұлы ойшылдары туралы қызықты мәлімет берілді, сондай-ақ қатысушылар назарына бейне-ролик ұсынылды, «Суретті жалғастыр» ойыны ойнатылды. Балалар көтеріңкі көңіл-күйде тарады.

#балаларжылы


Zoom

Current Zoom: 120%

Жолдау 2023

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 89 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана