Мүмкіндігі шектеулі жандар туралы хабардар болу онкүндігі аясында № 15 балабақшаның "Солнышко" жоғары тобының балаларымен "Біз әртүрліміз, бірақ құқықтарымыз тең" атты талқылау өткізілді.
Балаларға ерекше көңіл бөлуді, қолдауды және көмекті қажет ететін балалар мен ересектер туралы айтылды. А.Бартоның «Вовка – мейірімді жан», «Кейде адамдар өте қатал», «Бірақ біз мейірімді болайық» өлеңдерін оқып болған соң, балаларға өз қолдарымен «Мейірімді жүрек» ашықхатты жасап, олар қалаған адамға, мейлі ол тәрбиеші болсын, мейлі ата-ана болсын, сол арқылы өздерінің қамқорлығы мен жылулығын көрсету үшін ашықхат беру ұсынылды.
Осылайша, өткізілген іс-шара балалардың жанашырлығы мен әсерленушілігін, мүгедектерге көмектесуге деген ұмтылысын тудырды. Бұл іс-шара балалардың адамгершілік қасиеттерін дамытады және тәрбиелейді: мейірімділік, жанашырлық, мүмкіндігі шектеулі жандарға көмекке келуге деген ұмтылыс.
#марафондобрыхдел #zhanashirzhurek