Ғажайыптар әлемі

Ср, 17/04/2013 - 16:25 — admin

Ы.Алтынсарин атындағы Облыстық балалар мен жасөспірімідер кітапханасының өнер секторына сенбі сайын келетін оқырмандар нағыз ғажайыптың куәсі болды: ертегілер кітабының беттерінен пайда болған басында ерекше бас киімі бар мейірімді сиқыршы қараса көз тойтайтын әсем заттарын ала келді. Бармағынан бал тамған шебер біз керексіз деп лақтырып тастайтын заттардан керемет бұйымдар жасап шыққанын көргенде шынында да таңдай қағасың.

Марина Маулина мен Татьяна Шелудьконың қолынан шыққан осындай әсем себеттер мен қобдишалардың неден тоқылғанын білесіздер ме, газеттерден, иә,иә кәдімгі ескі газеттеерден. Бұйымдарға қарап тұрып бұған сену қиын. Ал келген қонақтар балаларға арнап киізден, түрлі маталардан (Валентина Фёдоровна Дычко, Ирина Маметова), сабан мен моншақтан (Галина Владимировна Шмидт) жасалған, білтегішпен тоқылған қаншама ойыншықтар әкелді…

Ал Алина Лампартердің топиариялары немесе бақыт ағашы мен Ольга Буглактың моншақтан жасаған әшекейі қандай көркем десеңші! Нина Александровна Константинованың жылтыр моншақтан жасаған жапсырмасы бөлек әңгіме!

Айта кету керек, шеберлер басындағы керемет бас киімдер солардың бірі-біздің қайырымды танысымыз Елена Георгиевна Шелудьконың қолынан шыққан. Сүйкімді сиқыршыларымыз бізді таң қалдырудан жалыққан емес. Бұл жолы да балаларға арнап мереке ұйымдастырып, онда қызғылықты ойындар ойналды, жұмбақтар шешіліп, көңілді байқаулар өткізілді, соңынан тәтті нан ұсынылып, одан барлық бала ауыз тиді.

Мир сказочных увлечений

Мир сказочных увлечений

Балалар! Егер сіздер сиқыршыға айналып, әсем бұйымдарды өз қолдарыңызбен жасағыларыңыз келсе, сенбі күні өнер секторының «Бармағынан бал тамғандар» үйірмесінде күтеміз. Ал онда кездесетін қызғылықты және айрықша кітаптар сіздерді ертегілер әлеміне есік ашатын қайырымды серіктеріңе айналады.


+ A -

Current Zoom: 120%

Электрондық каталог

Жолдау 2023

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 190 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана