Ыбырай ізбасарлары (кітап оқу клубы)

Жм, 18/11/2022 - 10:44 — Ольга А

Көркем әдебиет бөлімінде «Ыбырай ізбасарлары» кітап оқу клубы құрылды. Клуб қатысушылары - 7-8 сынып оқушылары.

Клуб мақсаты жас оқырмандардың шығармашылық ізденістерін, өзіндік қабілеттерін және қоғамдық қарым-қатынасын қалыптастырып, өзіндік талдау, жинақтау, жұмыста шапшаңдық таныту, өз ойын әдеби тілмен өрнектей білуге машықтандыру болып табылады. Сондай-ақ, оқыған кітап авторларымен онлайн-кездесулерді де мақсат етіп қойып отырмыз. Клубтың жалпы 5 отырысы болды.

2023 жылдың сәуір айына жазушы Рүстем Сауытбайбен онлайн-кездесу жоспарланған болатын. Соған байланысты клуб мүшелерімен ақылдаса келе, автордың қазақ тіліндегі алғашқы фэнтези «Шоко әлем» кітабының бірінші бөлімін оқуды бастадық. Белгіленген уақытқа дейін кітапты оқып, талдап, авторға қоятын сұрақтарымызды дайындайтын боламыз.

Клубқа мүше болғысы келетін барлық 7-8 сынып оқушыларын шақырамыз.

#балаларжылы


Zoom

Current Zoom: 120%

Жолдау 2023

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 112 guests қонақ.

Кәзіргі уақытта сайтте падаланушылар

  • Ольга А

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана