Кәсіби мамандардың диалогы

Сс, 22/11/2022 - 15:39 — Ольга А

22 қарашада Қостанай облысының балалар кітапханаларының мамандары үшін Ы. Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында «Кітапханашының құзыреттілігі және кітапхана имиджінің құрамдас бөліктері» атты семинар өтті.

Бүгінгі таңда идеалды кітапханашы - ой өрісі кең, коммуникативті қабілеттері мен шығармашылығы бар жан-жақты дамыған тұлға. Мұның  барлығы заманауи кітапхана мамандарынан қосымша кәсіби шеберлікті қажет етеді.

Семинар жұмысы кітапханашының негізгі кәсіби құзыреттіліктері туралы әңгімеден басталды: жобалау, аналитикалық, коммуникативтік, ұйымдастырушылық және т. б. Қазіргі кітапханашының дағдылары және оларды «Soft skills» анықтамасы тұрғысынан дамыту жолдары сияқты тақырыптар қарастырылды. Санкт-Петербург мемлекеттік зағиптар мен нашар көретіндерге арналған арнайы кітапхананың онлайн режимінде кітапханашының кәсіби дағдыларын дамыту туралы ресейлік әріптестердің тәжірибесі ұсынылды.

Семинар жұмысында кітапханашы үшін маңызды кәсіби компонент ретінде медиа сауаттылық мәселелерін, сондай-ақ кәсіби шаршау мәселесін жариялауға жеке орын берілді. Семинарға қатысушылар үшін психолог, тренер-медиатор Зуев Игорь Александрович сөз сөйледі.


Zoom

Current Zoom: 120%

Жолдау 2023

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 87 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана