Почемучкалар кітапханада

Ср, 22/05/2013 - 14:31 — Айжан К

20 мамырда мектепке дейінгі оқушыларға және 1-6 сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде № 22 орта мектебінің екінші сынып оқушылары сабақта болды. Сабақ?! Кітапханада??! Иә, дәл солай! Кітапханаларда да сабақтар болады. Бірақ бұл сабақтар күнделікті сабақтардан ерешеленеді. Біріншіден, бағалар қоймайды, ал екіншіден, сабақтарды әлемдегі ең мейірімді мұғалімдер – кітапханашылар жүргізеді.

Почемучкалар кітапханада

Библиограф Наталья Петровна Титовамен дайындалған «Почемучкалар кітапханада» атты кітапхана сабығында балалар кітаптар туралы көптеген өте қызықты деректерді таныды. Сонымен қатар, олар әлемдегі ең кішкентай және ең үлкен кітаптармен, көлемі бойынша ең қалың кітаптармен, пішіні бойынша өзгеше кітаптармен және де ойлап көріңізші – ыстық кітаппен танысты, себебі ғажап-кітапты оқымастан бұрын, оны жұқалтырға орап, бір кекс пісіруге болады :))

Ал кітап және жазу тарихына виртуалдық саяхат жасап, почемучкалар көңілді тапсырмалар алды. Бұл тапсырмаларда балалар бірде бір әріпті қолданбай, жазбаша хабарламалармен алмасты.

Балалар, біздің сабақтарға келіңіздер! Сендер кез келген кітапханаларда жөн таба аласыз, оның анықтама алу аппаратын қолдануды үйренесіз және ең бастысы – өмірде ең қажеттісі – ақпаратпен жұмыс жасауда өте керек, әрі пайдалы дағдасын аласыз.


+ A -

Current Zoom: 120%

Электрондық каталог

Жолдау 2024

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Экранды оқу жүйесі

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 162 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана