1958 жылдың шілдесінде алғашқы саны жарық көрген «Балдырған» биыл алпыс бес жасқа толады. Бұл басылым – 1958 жылдан бері әдеби журнал ретінде қалыптасып, шығып келе жатқан журнал.
Журнал – балалар әдебиетінің алтын қорына қосылған өте қомақты қазына. Сондай-ақ «Балдырған» осы жылдар ішінде миллиондаған балаға сауат ашуға көмектесіп, оларға рухани тәлім-тәрбие берді. Яғни «Балдырған» өзінің мерейлі мерекесіне лайықты жетіп отыр.
№ 24 мектептің жазғы мектеп лагерінінің балаларына арнап «Балдырған журналына – 65 жыл» атты іс-шара өткізілді. Балаларға ойын түрінде әртүрлі бекеттер бойынша тапсырмалар беріліп, ондағы тапсырмаларды балалар бұлжытпай орындап шықты. Караокимен ән айтып, би билеп, журнал ішінен өздеріне ұнаған өлең шумақтарын оқып берді. Іс-шара соңында балалар қазақтың халық ертегісін тамашалады.
#balademalys2023