21 маусым «Өнер керуені» жобасы аясында Әулиекөл ауданының Москалёв және Диевка ауылдарына Қостанайлық жас автор, ақын, жазушы, аудармашы Абылай Мауданмен кездесу ұйымдастырдық. «Жарқын кездесу, сырлы сұхбат» деп аталатын кездесуге мектеп оқушылары қатысты. Кездесу барысында автор «Қасым» баспасынан шығып жатқан өзінің жаңа аударма шығармаларымен таныстырып, қатысушылардың қойылған сұрақтарына жауап берді. Сондай-ақ , автор Л.Толстойдың аудармасы бойынша үзінділер оқып, балалармен әңгімелесіп, пікір алмасты. Кездесу балаларға кітап жайлы,оқу жайлы үлкен ой тастады деуге болады.