«Дала жұлдызы»: мектептер арасында батл

Жм, 24/11/2023 - 14:03 — Ольга А

23 қарашада «Алтынсарин кездесулері» жобасы аясында жазушы, ағартушы-ұстаз Ы. Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығына арналған «Дала жұлдызы» мектептер арасында батл ойынының 2 кезеңі өткізілді. Сайыстың бірінші бөлімінде жеңіске жеткен қаламыздың жалпы білім беретін №115 және №17 мектептері кездесті. Ойын 6 кезеңнен тұрады. Ойын барысында қатысушылар ұлт ұстазының шығармашылығына, өміріне қатысты сұрақтарға жауап берді, өлеңдерімен танысып, Ы. Алтынсариннің авторлық жұмбақтарын шешті.

Сайыс қорытындысы бойынша №115 жалпы білім беретін мектебі жеңіске жетті. Оқушыларды ойынға дайындап, серіктестікке көмек көрсеткен мұғалімдер де алғыс хатпен марапатталды. Зияткерлік ойын оқушылардың да, ұстаздардың да көңілінен шықты.

#гидпоказахстану #гидқазақстанға


+ A -

Current Zoom: 120%

Жолдау 2023

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 228 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана