Жаңа жыл-барлық балалар мен ересектер және әр отбасы жақсы көретін, сондай-ақ асыға күтетін ең сүйікті мереке. Үйлердің безендірілген терезелері ертегіге ұқсайды, ал дүкен терезелеріндегі шамдар жарқырап, көңіл-күйді жақсартады. «Жаңа жыл қарсаңында» деген атаумен әлеуметтік қызмет көрсету орталығының тәрбиеленушілері үшін өтер жылымыздың соңғы шарасы болды. Біз мерекелік көңіл-күйімізді-ғажайыпқа, сиқырға сенуге және ертегілер, әндер, ойындар, билер арқылы қуаныш сыйлауға тырыстық.
#гидқазақстанға #ГидПоКазахстану