Цифрлық этикет ережелерінің қиын ештеңесі жоқ! Бізге бала кезімізден қонақта, театрда, мейрамханада қалай жүріп-тұру керегін үйретеді, сол сияқты қазір интернетте де қалай дұрыс әрекет етуді білуіміз керек. Өйткені кейде пікірлерімізбен, орынсыз жазбаларымызбен немесе фотосуреттерімізбен басқа адамдарды ренжітіп алуымыз мүмкін. Өзгелермен зиянсыз қарым-қатынас жасау үшін цифрлық этикет осындай жағдайларды айналып өтуге көмектеседі. Бұл бейтаныс ортада өзімізді сенімді сезінуге де мүмкіндік береді.
Бұл кітапта біз сендерге цифрлық этикет деген не екенін айтамыз. Есіңде болсын: сен басқаларға құрметпен қарасаң, өзгелер саған да солай қарайды!