«Шәкәрім оқулары» байқауы

Сс, 20/02/2024 - 17:00 — Ольга А

20 ақпанда кітапханада даладағы қатты аязды күнге қарамастан мектеп оқушыларының  қатысуымен  II Республикалық "Шәкәрім оқулары" байқауының облыстық іріктеу кезеңі өтті.

Байқауға 5-8 сынып оқушылары аралығындағы балалар қатысты. Қатысушыларға қойылған талап оңай болған жоқ, олар Шәкәрім Құдайбердіұлының  20 өлеңін жатқа оқып, ақынның өмірі мен шығармашылығы бойынша сұрақтарға жауап беру  қажет болды.

Қазылар алқасының жұмысын бағалаған қазылар алқасының құрамында: Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ақын, сатирик, "Шабыт" әдеби сыйлығының иегері - Мауданов Абылай Фазылханұлы; Ы. Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі және әлеуметтік педагог – Салмағамбетова  Сымбат Амангелдинқызы және Ыбырай Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының библиографы - Кенжигарина Зоя Әлмұқанқызы болды.

Облыстық іріктеу кезеңінің  жеңімпаздары:

Марат Айдос, Қостанай қ., 3 орын.

Ожар Аяла, Қарабалық ауданы, 2 орын.

Қапез Мейрлан, Арқалық қ. - 1 орын. Балаларды жеңістерімен құттықтаймыз!

Қостанай облысынан наурыз айында Астанада өтетін "Шәкәрім оқулары" республикалық байқауына Қапез Мейрлан қатысады.


Zoom

Current Zoom: 120%

Жолдау 2023

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 183 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана