Герольд Бельгердің әлемдері: арнау кеші

Сс, 27/02/2024 - 16:38 — Ольга А

Биыл белгілі қазақстандық аудармашы, прозашы, публицист және қоғам қайраткері Герольд Карлович Бельгердің туғанына 90 жыл болар еді. Осы мерейлі жылға кітапхана Қостанай облыстық "Возрождение" неміс мәдени орталығымен бірлесіп, № 7 мектептің 9 сынып оқушылары үшін "Герольд Бельгердің әлемі" атты арнау кешін дайындады. Кездесуге арнайы шақырылған Ольга Андреевна Киколенко мен Любовь Николаевна Киколенко осы бірегей жан туралы көптеген мәліметтер айтып берді. Ольга Андреевна Герольд Карловичпен жақын таныс болды және ол туралы жақсы естеліктерімен бөлісті. Оқушылар орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сатубалдина Валентина Сансызбайқызының арқасында Бельгердің шығармашылығымен танысып, қонақтарға өздерінің шығармашылық жұмыстарын әкелді. Кездесу барлығы үшін өте жақсы өтіп, ерекше әсер қалдырды.


+ A -

Current Zoom: 115%

Жолдау 2023

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 128 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана