26 сәуір облыстық Ыбырай Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы ХІ облыстық «Сөз құдіреті» мәнерлеп оқу байқауының финалын өткізді.
Финалға байқаудың аудандық және қалалық іріктеу кезеңдерінің жеңімпаздары қатысты.
Байқау Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне орайластырылған. Байқауға қатысу үшін шығармаларды таңдау мектеп туралы жазатын қазақстандық авторлардың көркем әдебиетімен шектелді.
Байқауға қатысушыларды құзыретті қазылар алқасы бағалады: Шевко Ирина Викторовна, облыстық мәдениет басқармасының мәдениет ұйымдарымен жұмыс бөлімінің басшысы; Олексюк Алексей Васильевич, белгілі қостанайлық ақын және прозаик, Л. Н. Толстой атындағы өлкетану әдебиеті бөлімінің ақпараттық-әдеби секторының меңгерушісі; Иманов Қабдол-Мәжіт Сүндетұлы, Ілияс Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрының актері, "Мәдениет қайраткері" белгісінің иегері; Айкадамова Айтолқын, журналист, Қостанай таңы облыстық басылымының тілшісі; Кенжигарина Зоя Әлмұқанқызы, Ы. Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының библиографы.
Байқау жеңімпаздары:
Арманбек Мұхамедали, Қостанай қ. - 1 орын
Омарова Тұмар, Арқалық қ. - 2 орын
Бердіғұлов Тамерлан, Қарабалық ауданы-3 орын.
Сондай-ақ, Арманбек Мұхамедали «Таңдау: көрермендер көзайымы» номинациясында да жеңіске жетті.
«Репако» жарнама агенттігінің, «Элита» аспаздық дүкенінің демеушілік көмегінің, сондай-ақ «Жұлдыз» студиясы мен А. Туткушеваның «ARTIST» шығармашылық академиясының қолдауының арқасында кітап пен оқу мерекесі керемет өтті.