21 мамыр күні Ы. Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында Қостанай облысының балалар кітапханаларының кітапханашылары үшін Ы. Алтынсарин атындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған үздік әдеби шығарма III Республикалық байқаудың кезекті финалистер «Таза бұлақ» жинағының тұсаукесері өтті. Тұсаукесерді кітапхана басшысы Теплякова Надежда Минеевна ашты.
Тұсаукесерде жинаққа енген авторлар мен шығармалар ұсынылды. Жинаққа енгізілген барлық авторлар байқаудың қысқа тізіміне енді, олардың арасында Алматыдан келген талантты автор Ольга Капитова да бар. Ольга Капитова презентацияға қосылып, өзінің «Стопудовая история» әңгімесін ұсынды.
Тұсаукесердің қонағы жинақты құрудағы басты көмекші, суретші - иллюстратор Полина Ли болды. Қатысушылар кітаптың иллюстрациялары қалай жасалғанын білуге қызығушылық танытты. Полина сонымен қатар оқылған жинақ туралы өз әсерімен бөлісті.
Бұл жинақты облыстың барлық балалар кітапханалары алады және бұл кітап өз оқырманын табатыны сөзсіз!