2024 жыл-экология жылы. Кітапханада «Суполия» экологиялық ойыны өтті. Су — бүкіл тіршілік иелерінің негізгі құрамдас бөлігі. Қазіргі таңда әлемде басты проблема – су тапшылығы.
Бұл ойын 2020 жылғы № 9 "Ойла" журналынан алынған. Ойын барысында балалар практикалық тапсырмаларды орындай отырып, өз елінің су ресурстарын үнемді пайдалануды үйренді. Іс-шара соңында жоғары сынып оқушыларына экология бойынша: Майя Гёпелдің «Мир после нас: как не дать планете погибнуть» жаңа кітабы таныстырылды.