22 қазан Ыбырай Алтынсарин атындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған үздік әдеби шығарма IV Республикалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Марапаттау 24 қазанда аталып өтетін кітапханашы күнін мерекелеу аясында ұйымдастырылды.
Сыйлық балалар мен жасөспірімдерге арналған «Қазақ тіліндегі үздік әдеби шығарма», «Орыс тіліндегі үздік әдеби шығарма» номинациялары бойынша үздік шығарма үшін беріледі. Балалар қазылар алқасы жұмысының қорытындысы бойынша бір арнайы сыйлық тағайындалды.
2024 жылғы байқаудың қорытындысы:
«Қазақ тіліндегі үздік әдеби шығарма» - «Ауылға барар жол ашық» әңгімесі, Айзат Рақыш (Алматы қ.).
«Орыс тіліндегі ең үздік әдеби шығарма» - «Как собака прилапила человека» авторлық ертегілер жинағы, Талаев Алексей (Алматы қ.).
Балалар қазылар алқасының арнайы жүлдесі - «Ақсақ киік» әңгімесі, Шаймерденова Самал (Алматы қ.).