Ағылшынша оқимыз

Бс, 20/03/2014 - 09:57 — Айжан К
Жолдастарыңның кейбіреулері Intermediate деңгейіне жеткенде, сендегі English әлі де жетілдіруді қажет ете ме ?.. Қазіргі таңда ағылшын тіліне деген қызығушылық артып келе жатқанын айта кеткен жөн! Ағылшын тілді сайттар, ғаламтор – бірлестіктер, сүйікті әншілеріңнің фэн-клубтары, басқа елдердің балаларымен форумда танысу және сөйлесу, туристік саяхаттар... – сен үшін әлем есігін айқара ашады! Ал сен осы балалардың қатарына әлі қосылмағансың ба? Ендеше, кітапхананы есіңе ал, өйткені, кітапханада ғана уақытыңды тиімді пайдалана аласың. Филолог ғалымдардың айтуынша, шет тіліндегі әдебиетті оқу арқылы тілді жылдам әрі сапалы меңгеруге болады екен. Кітапханалық English Reading Club қатысушылары – жетінші сынып оқушылары да осындай пікір айтады. Балалар қызықты кітаптарды бар ықыласымен түпнұсқасында жазылған тілде оқып, орфография мен грамматика бойынша өз білімдерін тереңдетуге мүмкіндік алды.
 
news-17.03.14.JPG
 
Келесі кездесу– 27 наурыз күні сағат 11.00 - де Welcome to Reading Club!

Zoom

Current Zoom: 120%

Жолдау 2023

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 113 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана