Мәдени менталдық және басқалары туралы

Бс, 20/03/2014 - 10:05 — Айжан К
«Қазақстанның даму жолы – 2050: ортақ мақсат, ортақ көзқарас, ортақ болашақ» – осындай мықты әрі ауқымды Жолдауында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев еліміздің қырық жылдық даму жолын анықтап, қазақстандықтарға жолдады. Бұндай мазмұны терең сан қырлы құжат бірнеше рет оқып шығуды, әріптестермен, оқырмандармен ой бөлісуді, билік өкілдерін, ғалымдарды, оқытушылар мен журналистерді шақыртып пікір алмасуды қажет етеді. Міне сол себепті де Ы.Алтынсарин атындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған облыстық кітапханада 18 наурыз күні әлеуметтік ғылым кандидаты, облыстық ішкі саясат Басқармасының жетекшісі Маканов Жанділдә Қожахметұлы кітапханамыздың жас оқырмандарына маңызды құжат мағынасын ашып түсіндіріп, сұрақтарына жауап берді.
 
news-19.03.1-1.jpg
 
Кітапхана қашанда халқымыздың салт- дәстүрін, тарихын, мәдениетін сақтау арқылы білім жетілдіріп, таным арттыруға жағдай жасады. Сондықтан да шығар, біз кітапхана қабырғасында «қазақстандықтардың мәдени менталдығы» туралы сөз қозғауды жөн көрдік. Жанділдә Қожахметұлы алғашқы минуттан – ақ тыңдаушыларды өзінің ашық жарқын мінезімен баурап алды. Оның күрделі тақырыпты жеңіл түсіндіргені, балалардың қызығушылықпен ұғынуға талпынған таң қалдырды. Кімді мәдениетт тұлға деп атауға болады, «мәдениетті менталитет» дегеніміз не, «отансүйгіштік», «патриот» ұғымдарын біріктіретін қандай сипаттама...
 
news-19.03.1-2.jpg
 
Кездесуге қатысқан медицина, құрылыс колледждерінің студенттері, Ы.Алтынсарин атындағы ОБЖК оқырмандары тек қана тыңдап қоймай, әңгімеге араласты, пікір білдірді. Кездесу бетпе бет және виртуалды тәртіпте өткендіктен, Қостанай облысының Жітіқара, Әулиекөл, Федоров, Қарабалық аудандарының орталық кітапханалары да әңгімеге араласа алды.
 
news-19.03.1-3.jpg
Осындай іс – шаралардың арқасында жастар өмірлік таңдау жасауға, алдарындағы міндеттерді айқындап қана қоймай, оларды жүзеге асыру жолдары мен тәсілдерін түсінуге мүмкіндік алады.

Zoom

Current Zoom: 120%

Жолдау 2023

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 324 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана