ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы «Шәкәрім оқулары» атты Шәкәрім мұрасын жатқа айтушылардың республикалық байқауын өткізуде.
Республикалық байқаудың облыстық іріктеу кезеңі офлайн форматта 2025 жылдың 5 наурызда Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында өтеді.
5-8 сынып оқушыларын байқауға қатысуға шақырамыз.
Байқаудың облыстық іріктеу кезеңінде жеңіске жеткен қатысушы наурыз айының екінші жартысында (нақты күні қосымша хабарланады) Астанада өтетін республикалық байқаудың финалына қатысады.
Облыстық іріктеу кезеңінде қатысу мәселелері бойынша телефон арқылы хабарласуға болады
(8 714) 2 54-11-61 Шынар Тулегеновна