Бүгін 5 наурыз кітапханада «Дүниежүзілік дауыстап оқу күні» атап өтілді. Акцияның басты ұраны – оқу алға жылжу. Сонымен қатар биыл еліміздің ұлы және үлкен мерекесі - 9 мамыр жақындап келеді. Биылғы Жеңістің 80 жылдығы және осы екі атаулы күндердің құрметіне біздің кітапханамыздың қабырғасында Сергей Петрович Алексеевтің "Генерал Жуков" атты әңгімесін оқып, талқыладық. Оқушылар бөліктерге бөлінген әңгімені дауыстап оқып, кейін қойылған сұрақтарға жауап берді. Балалар белсенді қатысып, қызығушылық танытты. Сондай-ақ Ұлы Отан соғысының батырларын оқу және есте сақтау маңызды деген қорытындыға келді. Кездесуді қорытындылай келе, оқушылар оқығандары туралы өз пікірлерімен бөлісіп, осындай маңызды және қызықты кездесуге риза болды.
Есте сақтау үшін оқимыз
Ср, 05/03/2025 - 16:42 — Ольга А