Құрметті Серікбай Оспанов!

Сс, 01/04/2025 - 14:30 — Ольга А
Құрметті Серікбай Оспанов!

Сізді 80 жасқа толған мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздің саналы ғұмырыңыз ғылым мен әдебиетке, болашақ ұрпақ тәрбиесіне арналған өнегелі өмір. Қазақ әдебиеті мен білім саласына қосқан өлшеусіз еңбегіңіз халықтың жадында мәңгі сақталмақ.
Сіз – шәкірттеріңізге бағыт-бағдар беріп, оларға білімнің шамын жаққан ұлағатты ұстаз, дарынды жазушы, білікті ғалымсыз. Сіздің қаламыңыздан шыққан шығармалар мен ғылыми еңбектер ұлт руханиятының баға жетпес қазынасы болып табылады.
Осы мерейлі жасыңызда денсаулығыңыз мықты, өміріңіз ұзақ, көңіліңіз шат болсын! Шығармашылық шабыт пен қажымас қайрат тілейміз! Шәкірттеріңіздің құрметіне бөленіп, отбасыңыздың қызығына кенеліп, ел игілігіне қызмет ете беріңіз!
Ізгі ниетпен, Ы. Алтынсарин ат. ОБЖК ұжымы.

+ A -

Current Zoom: 120%

Электрондық каталог

Жолдау 2024

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Экранды оқу жүйесі

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 50 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана