Балалар кітабы аптасының 4 күні теңізшілерге арналды. «Үндестік» мектебінің оқушылары Ұлы Отан соғысы жылдарында теңізшілердің көп ерлік жасағанын білді. Олар теңіз жолдарын қорғады, қару-жарақ пен қажетті өнімдерді жеткізуді қамтамасыз етті, судағы қарсыластарын жойды және құрлық әскерлерін қолдау үшін десанттарды түсіруге қатысты. Сонымен қатар, балалар матростардың қандай форма киетінін білді, «теңіз тілімен» танысты, викториналық сұрақтарға жауап берді және "У матросов нет вопросов" әнін орындады.